Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 365-бабының 3-тармағының 2)-тармақшасына, "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген) сәйкес, Қарабалық аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қарабалық ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудандық мәслихаттың хатшысы | А. Тюлюбаев |
| Маслихаттын | |
| 2022 жылғы 13 мамырдағы | |
| № 132 шешіміне | |
| қосымша |
Қарабалық ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3 |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын |
0,8 |
2 | Жатақхана, интернат | 1 орын | 1,62 |
3 | Қонақ үйлер | 1 орын | 1,55 |
4 | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,94 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,64 |
6 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,46 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,91 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,19 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 1,18 |
10 | Концерт залдары | 1 отыратын орын | 0,30 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,14 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,38 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | - |
14 | Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер | сауда алаңы 1 м2 | 0,52 |
15 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,60 |
16 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,18 |
17 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | - |
18 | Автовокзал | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,16 |
19 | Жағажайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | - |
20 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,42 |
21 | Автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 1,15 |
22 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,66 |
23 | Гараж кооперативтері, гараждар | 1 гаражға | - |
24 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,29 |
25 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 1,15 |
26 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,18 |
27 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар) | 1 жұмыс орны | - |
28 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,39 |
29 | Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары | 1000 қатысушы | - |
