Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының 3-тармағының 2)-тармақшасына, "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген) сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қамысты ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қамысты аудандық мәслихатының хатшысы | С. Кстаубаева |
| Мәслихаттың | |
| 2022 жылғы 10 тамыздағы | |
| № 159 шешіміне | |
| қосымша |
Қамысты ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілердің түрлері | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3 |
1. | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын |
1,89 |
2. | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 1,20 |
3. | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 1,40 |
4. | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,12 |
5. | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,008 |
6. | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 0,81 |
7. | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,28 |
8. | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,86 |
9. | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,36 |
10. | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,081 |
11. | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,070 |
12. | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,13 |
13. | Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер | сауда алаңы 1 м2 | 0,83 |
14. | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,24 |
15. | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,24 |
16. | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 1,65 |
17. | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,58 |
18. | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,05 |
19. | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,24 |
20. | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,36 |
