Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Амангелді ауданы әкімдігінің "Амангелді ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" 2014 жылғы 28 ақпандағы № 64 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4499 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
реттік нөмірі 1-жол жаңа редакцияда жазылсын:
"
1 | Амангелді ауылы |
А.Байтұрсынов және Дүйсенбин көшелерінің қиылысында орналасқан тақта |
";
реттік нөмірі 29-жол жаңа редакцияда жазылсын:
"
29 | Қабырға ауылы | Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Амангелді ауданы білім бөлімінің Жұматай Сабыржанұлы атындағы негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта |
".
2. "Амангелді ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Амангелді ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Амангелді ауданының әкімі | Т. Карбозов |
