Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Арқалық қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Арқалық қалалық мәслихатының хатшысы | Г. Елтебаева |
| Арқалық | |
| қалалық мәслихатының | |
| 2022 жылғы 29 сәуірдегі | |
| № 116 шешіміне | |
| қосымша |
Арқалық қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Жылдық нормасы 1 есептік бірлікке, м3 |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын |
1,85 |
2 | Интернаттар | 1 орын | 0,73 |
3 | Қонақ үйлер | 1 орын | 2,10 |
4 | Балабақшалар | 1 орын | 0,52 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,36 |
6 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,01 |
7 | Ауруханалар | 1 төсек-орын | 1,80 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,34 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар | 1 отыратын орын | 1,25 |
10 | Концерт залдары | 1 отыратын орын | 0,17 |
11 | Стадиондар | Жоба бойынша 1 орын | 0,01 |
12 | Спорт және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,02 |
13 | Азық-түлік және өнеркәсіптік тауар дүкендері, аралас дүкендер | сауда алаңы 1 м2 | 0,53 |
14 | Машиналардан сату | сауда орнының 1 м2 | 1,43 |
15 | Базарлар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,44 |
16 | Өнеркәсіптік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,50 |
17 | Вокзалдар, автовокзалдар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,12 |
18 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,19 |
19 | Автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 3,84 |
20 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 2,48 |
21 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,62 |
22 | Тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,21 |
23 | Аяқ киімді жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,24 |
24 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау) | 1 жұмыс орны | 1,95 |
25 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,20 |
