Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Маңғыстау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Маңғыстау аудандық мәслихатының хатшысы | А. Сарбалаев |
| 2022 жылғы 5 қыркүйектегі | |
| № 14/151 шешіміне қосымша |
Маңғыстау аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Маңғыстау аудандық мәслихатының "Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек мөлшерлерін және мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесін бекіту туралы" 2016 жылғы 21 қазандағы №5/51 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3175 болып тіркелген).
2. Маңғыстау аудандық мәслихатының "Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/51 "Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек мөлшерлерін және мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 31 қазандағы №10/119 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3459 болып тіркелген).
3. Маңғыстау аудандық мәслихатының "Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы №5/51 "Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек мөлшерлерін және мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 28 ақпандағы №14/160 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3540 болып тіркелген).
4. Маңғыстау аудандық мәслихатының "Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы №5/51 "Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек мөлшерлерін және мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" 2019 жылғы 15 наурыздағы №25/288 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3850 болып тіркелген).
5. Маңғыстау аудандық мәслихатының "Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы №5/51 "Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек мөлшерлерін және мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 27 тамыздағы №40/436 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4280 болып тіркелген).
6. Маңғыстау аудандық мәслихатының "Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы №5/51 "Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек мөлшерлерін және мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №43/478 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4418 болып тіркелген).
