Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Шахтинск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Шахтинск қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шахтинск қалалық мәслихатының хатшысы | Ж. Мамерханова |
| Шахтинск қалалық мәслихатының 2022 жылғы 28 шілдедегі № 160/15 Шешіміне қосымша |
Шахтинск қалалық мәслихатының күші жойылды деп тануға жататын кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Шахтинск қалалық мәслихатының 2018 жылғы 10 мамырдағы №1510/21 "Шахтинск қаласы Долинка кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4773 болып тіркелген).
2. Шахтинск қалалық мәслихатының 2018 жылғы 10 мамырдағы №1511/21 "Шахтинск қаласы Новодолинский кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4774 болып тіркелген).
3. Шахтинск қалалық мәслихатының 2018 жылғы 10 мамырдағы №1512/21 "Шахтинск қаласы Шахан кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4771 болып тіркелген).
