Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 365 бабының 3 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Сәтбаев қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сәтбаев қалалық мәслихатының хатшысы | Т. Хмилярчук |
| Сәтбаев қалалық мәслихатының 2022 жылғы 23 тамыздағы № 202 шешіміне қосымша |
Сәтбаев қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жылдық жинақталу нормасы, м3 |
1. | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 2,0 2,12 |
2. | Жатақханалар | 1 орын | 0,71 |
3. | Қонақ үйлер | 1 орын | 0,68 |
4. | Балабақшалар | 1 орын | 0,75 |
5. | Мекемелер, ұйымдар, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,43 |
6. | Емханалар | 1 келіп кету | 0,004 |
7. | Ауруханалар | 1 төсек-орын | 1,58 |
8. | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,54 |
9. | Мейрамханалар, дәмханалар және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,76 |
10. | Концерт залдары | 1 отыратын орын | 0,05 |
11. | Мұражайлар | жалпы алаңы 1 м2 | 0,03 |
12. | Стадиондар | жоба бойынша 1 орын | 0,04 |
13. | Спорт, би және ойын залдары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,04 |
14. | Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер | сауда алаңы 1 м2 | 0,61 |
15. | Машиналардан сату | сауда орнының 1 м2 | 0,21 |
16. | Базарлар | сауда алаңы 1 м2 | 0,20 |
17. | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,17 |
18. | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | жалпы алаңы 1 м2 | 0,42 |
19. | Автовокзалдар | жалпы алаңы 1 м2 | 0,22 |
20. | Дәріханалар | сауда алаңы 1 м2 | 0,38 |
21. | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 1,3 |
22. | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,92 |
23. | Гараждар | 1 гаражға | 0,13 |
24. | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 0,01 |
25 | Тігін ательесі | жалпы алаңы 1 м2 | 0,46 |
26 | Аяқ киімді жөндеу шеберханалары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,75 |
27. | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау) | 1 жұмыс орны | 0,63 |
28. | Моншалар, сауналар | жалпы алаңы 1 м2 | 0,33 |
29. | Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары | 1000 қатысушы | 0,026 |
30. | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 1,85 |
