Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бұланды ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Бұланды аудандық мәслихатының хатшысы |
Ш.Кусаинов |
| Бұланды аудандық мәслихаты 2022 жылғы 17 қазандағы № 7С-27/1 шешіміне қосымша |
Бұланды ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілердің түрлері | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3 |
1. | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын |
1,58 |
2. | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 0,87 |
3. | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,53 |
4. | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,42 |
5. | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,58 |
6. | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,002 |
7. | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 0,68 |
8. | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,28 |
9. | Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көніл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,36 |
10. | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,14 |
11. | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,02 |
12. | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,03 |
13. | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | сауда алаңы 1 м2 | 0,32 |
14. | Машиналардан сату | сауда орнының 1 м2 | 0,02 |
15. | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,44 |
16. | Өнеркәсіптік, азық-түлік, тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,06 |
17. | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,23 |
18. | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,30 |
19. | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автожанармай құю станциялары | 1 машина-орын | 1,07 |
20. | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,23 |
21. | Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер | 1 гаражға | 1,45 |
22. | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 0,75 |
23. | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,34 |
24. | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,66 |
25. | Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.) | 1 жұмыс орны | 0,07 |
26. | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,48 |
27. | Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары | 1000 қатысушы | 0,002 |
