Ақмола облысы Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 қыркүйектегі № А-09/262 "Бұланды ауданының Макинск қаласында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7409 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Бұланды ауданының Макинск қаласында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен тасымалдауға бірыңғай тариф белгіленсін:
ересектерге - 100 (жүз) теңге мөлшерінде;
жеті жастан он бес жасқа дейінгі балаларға - 50 (елу) теңге мөлшерінде.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Бұланды ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Ақмола облысының Бұланды ауданы әкімі |
Т.Ерсеитов |
"КЕЛІСІЛДІ"
| Бұланды аудандық мәслихаты |
