"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 2)-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 4)-тармақшасына, "Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 шiлдедегi № 629 Жарлығына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімінің қосымшасына сәйкес Ақмола облысы Қосшы қаласының шекарасы жалпы алаңы 5 198 гектар болып белгіленсін.
2. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ақмола облысының әкімі | Е.Маржикпаев |
| Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы | Т.Жунусов |
| Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 23 қарашадағы № А-11/554 мен Ақмола облыстық мәслихатының 2022 жылғы 23 қарашадағы № 7С-22-3 бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасы |
Ақмола облысы Қосшы қаласының шекарасы

