"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 13-бабының 3) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Астана қаласында жаңа аудан құрылсын.
2. Жалпы ауданы 18 927 гектар болатын Астана қаласының жаңа ауданының шекаралары белгіленсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 13.05.2025 № 292/37-VIII және Астана қаласы әкімдігінің 22.05.2025 № 510-1501 бірлескен шешімі және қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Жалпы ауданы 20 431 гектар шекараны белгілей отырып, Астана қаласының жаңа ауданының шекарасына 18 927 гектар беру жолымен Астана қаласының "Есіл" ауданының шекарасы өзгертілсін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 13.05.2025 № 292/37-VIII және Астана қаласы әкімдігінің 22.05.2025 № 510-1501 бірлескен шешімі және қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).4. Осы бірлескен Астана қаласы әкімдігінің қаулысы және мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласының әкімі | Ж. Қасымбек |
Астана қаласы мәслихатның хатшысы | Е. Каналимов |