"Қорғаныс министрлігінің қайтыс болған зейнеткерін жерлеуге арналған біржолғы төлемді және оның отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 18 тамыздағы № 680 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 тамызда № 29203 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 02.06.2026 № 580 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған "Қорғаныс министрлігінің қайтыс болған зейнеткерін жерлеуге арналған біржолғы төлемді және оның отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков
     
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2022 жылғы 18 тамыздағы
№ 680 бұйрығымен
бекітілген

"Қорғаныс министрлігінің қайтыс болған зейнеткерін жерлеуге арналған біржолғы төлемді және оның отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қорғаныс министрлігінің қайтыс болған зейнеткерін жерлеуге арналған біржолғы төлемді және оның отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қорғаныс министрлігінің қайтыс болған зейнеткерін жерлеуге арналған біржолғы төлемді және оның отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны тағайындау" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 02.06.2026 № 580 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Қорғаныс министрлігінің қайтыс болған зейнеткерін жерлеуге арналған біржолғы төлемді және оның отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) мазмұндалған.

      5. Көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері немесе уақытша болатын жері бойынша тіркеу туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік цифрлық жүйеден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 02.06.2026 № 580 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Жерлеуге арналған біржолғы төлемді және біржолғы жәрдемақыны алу үшін "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 51-бабының 6-тармағына сәйкес төлемді алуға құқығы бар адамдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында порталға өтініш береді.

      7. Сұранымды өңдеу Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің автоматтандырылған жұмылдыру ресурстары жүйесінің интеграциялық шлюзінде (бұдан әрі – ҚМ ИШ) 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Жерлеуге арналған біржолғы төлем және біржолғы жәрдемақы тағайындалған жағдайда Қағидаларға 3, 3-1, 3-2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" хабарлама жіберіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 02.06.2026 № 580 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші тізбенің 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартады және көрсетілетін қызметті алушыға Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама береді.

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқан жағдайда тыңдау жүргізілмейді.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында порталға көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары әкімшілік органның немесе мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) лауазымды адамы жүргізеді.

      12. Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.

      13. Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 91-бабының 4-тармағына сәйкес әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік актіні қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жолдамауға құқылы.

      14. Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 02.06.2026 № 580 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Қорғаныс министрлігінің
қайтыс болған зейнеткерін
жерлеуге арналған біржолғы
төлемді және оның
отбасы мүшелеріне берілетін
біржолғы жәрдемақыны
тағайындау" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Қорғаныс министрлігінің қайтыс болған зейнеткерін жерлеуге арналған біржолғы төлемді және оның отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 02.06.2026 № 580 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

"Қорғаныс министрлігінің қайтыс болған зейнеткерін жерлеуге арналған біржолғы төлемді және оның отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны тағайындау"

2.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы

3.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы (бар болса)

Жоқ

4.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) ұсыну тәсілдері

www.egov.kz. "цифрлық үкімет" веб-порталы

5.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

2 (екі) жұмыс күні ішінде

6.

Мемлекеттік қызмет және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара цифрландырылған)

7.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Порталда Қорғаныс министрлігінің қайтыс болған зейнеткерін жерлеуге арналған біржолғы төлемді және оның отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны тағайындау туралы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

8.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда оны алу тәсілдері

Тегін

9.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұмаға дейінгіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін.
2) порталда: жөндеу жұмысына байланысты техникалық үзілісті қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасағанда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

10.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

Жерлеуге біржолғы төлемді тағайындау үшін отбасы мүшелері не жерлеген адам осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш және мынадай құжаттар береді:
1) қайтыс болғаны туралы куәлік немесе хабарлама;
2) банктік шоттың нөмірі туралы мәлімет
Біржолғы жәрдемақыны тағайындау үшін отбасы мүшелері (көрсетілетін қызметті алушының өкілі) қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:
3) 18-ден 23 жасқа дейінгі балалардың күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушы болып табылатыны туралы оқу орнынан мәлімет.
Егер балалар таяу және алыс шет елдерде күндізгі оқу нысанының білім алушысы болып табылатын жағдайда, оқу орны мөрінің аудармасын қоса алғанда, нотариат куәландырған аудармасы бар анықтамасы (егер құжат толық шет тілінде болса) ұсынылады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттардың мемлекеттік немесе орыс тіліне аудармасын куәландыруды Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің органдары жүзеге асырады;
4) қайтыс болған адаммен туыстық қатынасын куәландыратын құжат (туу, неке қию, әке болуды (ана болуды) белгілеу, қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы куәлік);
5) сенімхаттың электрондық көшірмесі (көрсетілетін қызметті алушының өкілі).
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың, баланың (балалардың) туу туралы куәлігінің (куәліктерінің) мәліметін немесе туу туралы актілік жазбадан үзіндіні, неке қию туралы куәлікті, балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжатты немесе туу туралы актілік жазбадан баланы асырап алу туралы мәліметті, тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын мәліметті, электрондық өтініште көрсетілген банктік шоттың нөмірі туралы мәліметті, қайтыс болғаны туралы куәлікті немесе хабарламаны көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйеден алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде көрсетілген құжаттар бойынша мемлекеттік цифрлық жүйеде мәлімет болмағанда көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған тиісті құжаттардың электрондық көшірмесін ұсынады.

11.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мемлекеттiк қызметтi және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негiздер

Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ұсынылған материалдың, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себебін жойғанда көрсетілетін қызметті алушы осы тізбеде белгіленген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта өтініш жасайды.

12.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшелігі ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының қашықтан қолжетімділік режимінде көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 77 77 арқылы мемлекеттік қызметті көрсету белгісі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған телефон арқылы алуға болады.

  "Қорғаныс министрлігінің
қайтыс болған зейнеткерін
жерлеуге арналған біржолғы
төлемді және оның отбасы
мүшелеріне берілетін біржолғы
жәрдемақыны тағайындау"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан




      № ________ "Тіркеу нөмірі" _________ "Өтініш берілген күні"

Өтініш

      __________________________________________________________________
(мекенжайы бойынша тұрған)
__________________________________________________________________
(қайтыс болған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), ЖСН)
қайтыс болуына байланысты жерлеуге арналған біржолғы төлемді және оның отбасы
мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны төлеуіңізді сұраймын.
Жерлеуге арналған біржолғы төлемді № ___________________________________ банктік
шотына аударуыңызды сұраймын.
Банктің № ____ филиалы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының байланыс бөлімшесі.
1. Қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі.
2.____________________________________________________________
3.____________________________________________________________
4.____________________________________________________________
Төлемді тағайындау үшін қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім
беремін.

  "Қорғаныс министрлігінің
қайтыс болған зейнеткерін
жерлеуге арналған біржолғы
төлемді және оның отбасы
мүшелеріне берілетін
біржолғы жәрдемақыны
тағайындау" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
3-қосымша
Нысан

№ ________ "Тіркеу нөмірі" _________ "Өтініш берілген күні"

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 02.06.2026 № 580 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Жерлеуге біржолғы төлемді және біржолғы жәрдемақыны тағайындау туралы хабарлама

      Құрметті ______________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)

      Сізге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін алушының _________________________________________________ қайтыс болуына байланысты

      (тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) жерлеуге біржолғы төлем және біржолғы жәрдемақы тағайындалды.

      Төлем 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылатын болады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: _____________________________

      "Көрсетілетін қызметті берушінің Т.А.Ә. (бар болса)".

      Деректер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің цифрлық жүйесінен берілді.

      Осы құжат Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі 62-бабының 2-тармағына сәйкес қол қойылған қағаздағы құжатпен бірдей.

  "Қорғаныс министрлігінің
қайтыс болған зейнеткерін
жерлеуге арналған біржолғы
төлемді және оның отбасы
мүшелеріне берілетін біржолғы
жәрдемақыны тағайындау"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
3-1-қосымша
Нысан

№ ________ "Тіркеу нөмірі" _________ "Өтініш берілген күні"

      Ескерту. Қағидалар 3-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қорғаныс министрінің 02.06.2026 № 580 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Жерлеуге біржолғы төлемді тағайындау туралы хабарлама

      Құрметті ______________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)

      Сізге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін алушының

      _________________________________________________ қайтыс болуына байланысты

      (тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) жерлеуге біржолғы төлем тағайындалды.

      Төлем 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылатын болады.

      Сонымен қатар, "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 51-бабының 6-тармағына сәйкес төлем алуға құқығы бар адамдарға біржолғы жәрдемақы төленуге тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: ____________________________

      "Көрсетілетін қызметті берушінің Т.А.Ә. (бар болса)".

      Деректер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің цифрлық жүйесінен берілді.

      Осы құжат Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі 62-бабының 2-тармағына сәйкес қол қойылған қағаздағы құжатпен бірдей.

  "Қорғаныс министрлігінің
қайтыс болған зейнеткерін
жерлеуге арналған біржолғы
төлемді және оның отбасы
мүшелеріне берілетін біржолғы
жәрдемақыны тағайындау"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
3-2-қосымша
Нысан

      № ________ "Тіркеу нөмірі" _________ "Өтініш берілген күні"

Біржолғы жәрдемақыны тағайындау туралы хабарлама

      Ескерту. Қағидалар 3-2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қорғаныс министрінің 02.06.2026 № 580 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Құрметті ______________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)

      Сізге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін алушының

      _________________________________________________ қайтыс болуына байланысты

      (тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) біржолғы жәрдемақы тағайындалды.

      Төлем 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылатын болады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: _____________________________

      "Көрсетілетін қызметті берушінің Т.А.Ә. (бар болса)".

      Деректер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің цифрлық жүйесінен берілді.

      Осы құжат Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі 62-бабының 2-тармағына сәйкес қол қойылған қағаздағы құжатпен бірдей.

  "Қорғаныс министрлігінің
қайтыс болған зейнеткерін
жерлеуге арналған біржолғы
төлемді және оның отбасы
мүшелеріне берілетін біржолғы
жәрдемақыны тағайындау"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
4-қосымша
Нысан

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қайтыс болған зейнеткерінің отбасы мүшелеріне _____________________________________________ (бас тарту жүзеге асырылған қызмет көрсетіледі: жерлеу немесе берілетін жәрдемақы) тағайындау бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 02.06.2026 № 580 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Құрметті _______________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)

      Сіздің Қорғаныс министрлігінің бағыты бойынша еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін алушыны жерлеуге біржолғы төлемді және қайтыс болған алушының отбасы мүшелеріне біржолғы жәрдемақыны тағайындау бойынша ______ жылғы __________ № ___________ өтінішіңізге бас тартылғаны туралы хабарлаймыз.

      Бас тарту себебі: ________________________________________________

      (қандай негіз (негіздер) бойынша "Қорғаныс министрлігінің қайтыс болған зейнеткерін жерлеуге арналған біржолғы төлемді және оның отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 11-тармағына сәйкес қызметтi көрсетуден бас тартылатыны көрсетіледі)

      Жауап берілген күні: ____________

      Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: _____________________________

      "Көрсетілетін қызметті берушінің Т.А.Ә. (бар болса)".

      Деректер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің цифрлық жүйесінен берілді.

      Осы құжат Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі 62-бабының 2-тармағына сәйкес қол қойылған қағазд

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады