ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың күшін жою көзделген – ҚР Қаржы министрінің 30.09.2025 № 548 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тақырыптық және қарсы тексерулер тағайындау мен хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізу туралы шешім шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 197 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілiмінде № 16479 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 142-бабы 5-тармағына, 143-бабының 2-тармағына және 144-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тақырыптық және қарсы тексерулер тағайындау мен хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізу туралы шешім шығару қағидаларында:
3-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) сәйкестендіру құрылғыларының және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы;";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қарсы салықтық тексерулерді мемлекеттік кірістер органдары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 143-бабына сәйкес тағайындайды.";
Мемлекеттік кірістер органы тақырыптық тексерулер тағайындау және хронометраждық зерттеп-тексеруді жүргізу туралы шешім шығару үшін өлшемшарттарда:
6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"6) есепке алу-бақылау маркалары және сәйкестендіру құрылғыларының болмауы, сондай-ақ әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтер бойынша олардың сәйкес келмеуі;
7) тауарларға ілеспе жүкқұжаттардың болмауы және олардың сәйкес болмауы, сондай-ақ әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтер бойынша лицензияның болмауы;";
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) "Салық кодексінің 47-тарауында белгіленген мерзімдерді бұза отырып, жазылған электрондық нысандағы шот-фактура;".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | Е. Жамаубаев | 
 
           
          
