Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 16.08.2024 № 552 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік сатып алу есептілігін жинау, қорыту және талдау қағидаларын, оның ішінде мемлекеттік сатып алу есептілігін қалыптастыру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 693 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12734 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алу есептілігін жинау, қорыту және талдау қағидаларында, оның ішінде мемлекеттік сатып алу есептілігін қалыптастыру тәртібінде:
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
_____ жылдың ____ айына ___________________________________ (тапсырыс берушінің атауы) мемлекеттік сатып алудың көлемдері туралы ақпарат
р/с № | Тапсырыс беруші | Орындалған мемлекеттік сатып алу шарттарының саны | Орындалған мемлекеттік сатып алу шарттарының сомасы | Елішілік құндылық, % | Шарттар нысаналарының саны | Оның ішінде | ||||||||
тауарлар | жұмыстар | қызметтер | ||||||||||||
Сомасы, барлығы | отандық тауар өндірушілер | елішілік құндылық, % | Сомасы, барлығы | Жұмыстарды отандық жеткізушілер | елішілік құндылық, % | барлық сомасы | көрсетілетін қызметтерді отандық жеткізушілер | елішілік құндылық, % | ||||||
Жиыны | ||||||||||||||
