Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 12.04.2024 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 62 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13659 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің үлгілік оқу жоспарлары:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураның үлгілік оқу жоспары;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Бейіндік бағыт бойынша магистратураның үлгілік оқу жоспары;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантураның үлгілік оқу жоспары;
4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес Бейіндік докторантураның үлгілік оқу жоспары бекітілсін.";
бұйрықтың 1, 2, 3, 4-қосымшалары осы бұйрықтың 1, 2, 3, 4-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын;
бұйрықтың 5, 6, 7, 8-қосымшалары алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы (бұдан әрі - Академия):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Академия ректорына жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры |
Г. Нурдаулетов |
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
| Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 2 ақпандағы № 188 бұйрығына 1-қосымша |
|
| Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы "31" наурыздағы № 62 бұйрығының 1-қосымшасы |
Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураның үлгілік оқу жоспары
Кадрларды даярлау бағыттары: 7М042 "Құқық" 7M123 "Қоғамдық қауіпсіздік"
Пәндер циклдерінің және қызмет түрлерінің атауы | Кредиттер саны | Бақылау нысаны |
1. Теориялық оқыту | кемінде 74 | |
1.1. Базалық пәндер циклі | кемінде 19 | |
1) ЖОО компоненті | ||
2) педагогикалық практика | Есеп | |
1.2. Бейіндеуші пәндер циклі | кемінде 55 | |
1) ЖОО компоненті | ||
2. Ғылыми-зерттеу жұмысы | 34-тен аспайтын | |
1) зерттеу практикасы | Есеп | |
2) тағылымдамадан өтуді және магистрлік диссертацияны орындауды қоса алғанда, магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы | Есеп | |
3. Оқытудың қосымша түрлері | ||
4. Қорытынды аттестаттау | 12-ден аспайтын | |
1) кешенді мемлекеттік емтихан | Емтихан | |
2) магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау | Қорғау | |
Барлығы: | кемінде 120 |
| Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 2 ақпандағы № 188 бұйрығына 2-қосымша |
|
| Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы "31" наурыздағы № 62 бұйрығының 2-қосымшасы |
Бейіндік бағыт бойынша магистратураның үлгілік оқу жоспары
Кадрларды даярлау бағыттары : 7М042 "Құқық" 7M123 "Қоғамдық қауіпсіздік"
Пәндер циклдерінің және қызмет түрлерінің атауы | Кредиттер саны | Бақылау нысаны | |
Оқыту мерзімі 1 жыл | Оқыту мерзімі 1,5 жыл | ||
1. Теориялық оқыту | кемінде 35 | кемінде 60 | |
1.1. Базалық пәндер циклі | кемінде 7 | кемінде 14 | |
1) ЖОО компоненті | |||
1.2. Бейіндеуші пәндер циклі | кемінде 28 | кемінде 46 | |
1) ЖОО компоненті | |||
2. Эксперименттік-зерттеу жұмысы | 13-тен аспайтын | 18-ден аспайтын | |
1) магистрлік жобаны орындауды қоса алғанда, магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысы | Есеп | ||
2) өндірістік практика | Есеп | ||
3. Оқытудың қосымша түрлері | |||
4. Қорытынды аттестаттау | 12-ден аспайтын | 12-ден аспайтын | |
1) кешенді мемлекеттік емтихан | Емтихан | ||
2) магистрлік жобаны ресімдеу және қорғау | Қорғау | ||
Барлығы: | кемінде 60 | кемінде 90* | |
*оқыту мерзімі 1,5 жыл бейіндік бағыт бойынша магистратурада жалпы еңбек сыйымдылығы 110 кредиттен аспайтын көлемді құрайды.
| Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 2 ақпандағы № 188 бұйрығына 3-қосымша |
|
| Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы "31" наурыздағы № 62 бұйрығының 3-қосымшасы |
Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантураның үлгілік оқу жоспары
Кадрларды даярлау бағыттары : 8D042 "Құқық" 8D123 "Қоғамдық қауіпсіздік"
Пәндер циклдерінің және қызмет түрлерінің атауы | Кредиттер саны | Бақылау нысаны |
1. Теориялық оқыту | кемінде 45 | |
1.1. Базалық пәндер циклі | ||
1) ЖОО компоненті | ||
2) педагогикалық практика | Есеп | |
1.2. Бейіндеуші пәндер циклі | ||
1) ЖОО компоненті | ||
2) практикасы | Есеп | |
2. Ғылыми-зерттеу жұмысы | 123-тен аспайтын | |
Тағылымдамадан өтуді және докторлық диссертацияны орындауды қоса алғанда, докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы | Есеп | |
3. Оқытудың қосымша түрлері | ||
4. Қорытынды аттестаттау | 12-ден аспайтын | |
Докторлық диссертацияны жазу және қорғау | Қорғау | |
Барлығы: | кемінде 180 |
| Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 2 ақпандағы |
|
| № 188 бұйрығына 4-қосымша |
|
| Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы "31" наурыздағы № 62 бұйрығының 4-қосымшасы |
Бейіндік докторантураның үлгілік оқу жоспары
Кадрларды даярлау бағыттары : 8D042 "Құқық" 8D123 "Қоғамдық қауіпсіздік"
Пәндер циклдерінің және қызмет түрлерінің атауы | Кредиттер саны | Бақылау нысаны |
1. Теориялық оқыту | кемінде 45 | |
1.1. Базалық пәндер циклі | ||
1) ЖОО компоненті | ||
1.2. Бейіндеуші пәндер циклі | ||
1) ЖОО компоненті | ||
2) өндірістік практика | Есеп | |
2. Эксперименттік-зерттеу жұмысы | 123-тен аспайтын | |
Тағылымдамадан өтуді және докторлық диссертацияны орындауды қоса алғанда, докторанттың эксперименттік-зерттеу жұмысы | Есеп | |
3. Оқытудың қосымша түрлері | ||
4. Қорытынды аттестаттау | 12-ден аспайтын | |
Докторлық диссертацияны жазу және қорғау | Қорғау | |
Барлығы: | кемінде 180 |
