"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабы 3-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына сәйкес, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес және Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 03 қыркүйектегі №780 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Мүйізді ұсақ малдарының қойдың жұқпалы энтеротоксемиясы ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округіне қарасты "Нұрдәулет" шаруа қожалығына белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 03 шілдедегі №5 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2021 жылдың 09 шілдесінде № 23403 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Шілікті ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте;
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шілікті ауылдық округінің әкімі | А. Кенесов |
