Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7-бабы 2-тармағының 18) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) бұйрығын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға 2021 жылға арналған субсидиялар нормативтері осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес;
2) ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар алушыларға қойылатын 2021 жылға арналған өлшемшарттар және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы оның ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіп кешені мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Шығыс Қазақстан облысы әкімі | Д. Ахметов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
| Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 351 қаулысына 1 қосымша |
Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға 2021 жылға арналған субсидиялар нормативтері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке субсидия нормативтері, теңге | Субсидияланатын көлем, бас | Субсидиялар көлемі, мың теңге |
1. | Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату: | бас | - | - | - |
1.1. | Ірі қара малдың аналық басы | 5 000 | 26 000 | 130 000 | |
Барлығы: | 130 000 |
| Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 351 қаулысына 2 қосымша |
Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар алушыларға қойылатын 2021 жылға арналған өлшемшарттар, субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшемшарттар | САЖ -да субсидиялау шарттарына сәйкестікті тексеру әдісі | Өтінім беру мерзімі |
1. | Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату: | Өтінім берген сәтте аналық басының САТЖАҚ және АЖБД-да тіркелуі және деректерінің сәйкестігі. | САТЖАҚ және АЖБД -мен интеграциялық өзара іс-қимыл | Ағымдағы жылғы 31 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) |
1.1. | Ірі қара малдың аналық басы |
1. Өтінім берген сәтте өзінің аналық басының (18 айдан асқан сиырлар мен қашарлардың) болуы. |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
САТЖАҚ – селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қоры;
АЖБД – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор;
САЖ – субсидиялаудың ақпараттық жүйесі.
