Қазақстан Республикасының "Өсімдіктер карантині туралы" Заңының 9-1-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2021 жылғы 30 шілдедегі № 05/578 ұсынымы негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығыс Қазақстан облысы аумағында алтын түсті картоп жұмырқұртымен (globodera rostochiensis (Woll.) M. et. St.) зақымданған алқаптар көлемінде келесі жер телімдерінде карантин режимінің күші жойылсын:
1) Семей қаласы, "Бобровка" саяжай алқабы, Садыков Д.А., № 4487 саяжайы, зақымданған алаң – 0,075 гектар;
2) Семей қаласы, Приречный ауылдық округі, қордағы жерлер, зақымданған алаң – 4,5 гектар.
2. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 шілдедегі № 202 "Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3437 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 3-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіп кешені мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Шығыс Қазақстан облысы әкімі | Д. Ахметов |
| Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 4 қарашадағы № 320 қаулысына қосымша |
|
| Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы "28" шілдедегі № 202 қаулысына 3-қосымша |
Алтын түсті картоп жұмырқұртымен (globodera rostochiensis (Woll.) M. et. St.) зақымданған алқаптар көлемінде Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимі енгізілген карантин аймағы
Аудандар, ауылдық округтер және қалалардың атаулары | № п/п | Жер учаскесінің тиесілігі | Зақымданған алаң, гектарда |
Семей қаласы, "Бобровка" саяжай алқабы | 1 | Елюбаев М.А., № 4375 саяжай | 0,063 |
2 | Карагозов Е.Т., № 4481 саяжай | 0,052 | |
3 | Соловьева Т.В., № 1628 саяжай | 0,03 | |
4 | Сәрсенбина Ж.Т., № 4370 саяжай | 0,06 | |
5 | Шалев А.И., № 3296 саяжай | 0,068 | |
6 | Зольникова Н.Н., № 4488 саяжай | 0,06 | |
7 | Еркінбеков Ж.Р., № 4369 саяжай | 0,017 | |
8 | Рожков А.С., № 893 саяжай | 0,06 | |
9 | Степин Б.В., № 1649 саяжай | 0,06 | |
10 | Скачова Н., № 4384 саяжай | 0,06 | |
11 | Кулько И.И., № 958 саяжай | 0,086 | |
12 | Матвеенко Е.И., № 4385 саяжай | 0,06 | |
13 | Калганов В.А., № 3298 саяжай | 0,02 | |
14 | Дурманов С.А., № 1636 саяжай | 0,03 | |
15 | Садвакасова К.К., № 915 саяжай | 0,06 | |
Барлығы | 0,786 | ||
