"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19 бабына және "Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7297 болып тіркелген) сәйкес, Мақтаарал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мақтаарал ауданы бойынша жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдайтын әлеуметтік мәні бар маршруттарына бір жолаушыға мынадай тарифтер белгіленсін:
1) ауданішілік бағыттарға жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдауға бір шақырымға 6 (алты) теңге.
2) кентішілік бағыттарға жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдауға 50 (елу) теңге.
2. "Мақтаарал ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Мақтаарал ауданы әкімдігі интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б.Туребековке жүктелсiн.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Б. Асанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Мақтаарал аудандық мәслихатының
хатшысы Қ. Сәрсекбаев
"__" сәуір 2021 жыл
