Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Занының 10-1 бабы 8) тармақшасына сәйкес, Аққайың ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №08-02/946 ұсынысы негізінде, Лесной ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Лесной ауылдық округі Ленинское ауылының аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының ошағын жою бойынша ветеринариялық іс - шаралардың кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Лесной ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2020 жылғы 17 шілдедегі № 6 шешімінің (2020 жылғы 22 шілдегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6459 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Лесной ауылдық округнің әкімі |
К. Бабаков |
