Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес ШЕШТІМ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес әкімнің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қарасу ауылдық округінің әкімі | Т. Чебан |
| Қарасу ауылдық округі әкімінің | |
| 2021 жылғы 10 қыркүйектегі | |
| № 6 шешіміне | |
| қосымша |
Әкімнің күшi жойылған кейбiр шешімдерінің тiзбесi
1. Восток ауылдық округі әкімінің "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы" 2019 жылғы 14 мамырдағы № 1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8435 болып тіркелген) шешімі.
2. Қарасу ауылы әкімінің "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы" 2019 жылғы 14 мамырдағы № 1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8442 болып тіркелген) шешімі.
3. Қарасу ауылдық округі әкімінің "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы" 2020 жылғы 5 ақпандағы № 2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8951 болып тіркелген) шешімі.
4. Қарасу ауылдық округі әкімінің "Әкімнің 2019 жылғы 14 мамырдағы № 1 "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9446 болып тіркелген) шешімі.
5. Қарасу ауылдық округі әкімінің "Әкімнің 2019 жылғы 14 мамырдағы № 1 "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 11 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9447 болып тіркелген) шешімі.
