"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 - бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 3 қорытындысына сәйкес Ғ.Мұратбаев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазалы ауданы, Ғ.Мұратбаев ауылдық округі, Ғ.Мұратбаев ауылындағы "Батыс" көшесі "Әбен Жұмашұлы" есімімен қайта аталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| А. Рыстығұл |
