"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Қазалы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы" бірлескен Қазалы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 152 қаулысына және Қазалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 шілдедегі № 120 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5937 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 31 тамызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған бірлескен қаулы мен шешімнің 1-тармағындағы "19201,0 гектар" деген сөздер "19210,0 гектар" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімінің міндетін атқарушы | К. Назымбеков |
| Қазалы аудандық мәслихатының кезектi ІІ сессиясының төрағасы | Ж. КОЛАНОВА |
| Қазалы ауданындық мәслихат хатшысы | Б. ЖАРЫЛҚАП |
