Ақтөбе облысы Шалқар және Мұғалжар аудандарының аумағында қолданыстағы "Бұхара-Орал" магистральдық газ құбырына бөлінген жер учаскелерінің аумақтарын кесіп өтетін өзендердің бір бөлігі үшін су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 271 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 24 тамызда № 24080 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының Су кодексінің 27, 85, 86-баптарына, "Су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын белгiлеу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 120-НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36238 тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы әкімдігінің 08.10.2026 № 204 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      1. Ақтөбе облысы Шалқар және Мұғалжар аудандарының аумағында қолданыстағы "Бұхара-Орал" магистральдық газ құбырына бөлінген жер учаскелерінің аумақтарын кесіп өтетін өзендердің бір бөлігі үшін су қорғау аймақтары мен белдеулері бекітілген жоба негізінде осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Ақтөбе облысы Шалқар және Мұғалжар аудандарының аумағында қолданыстағы "Бұхара-Орал" магистральдық газ құбырына бөлінген жер учаскелерінің аумақтарын кесіп өтетін өзендердің бір бөлігі үшін су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдаланудың режимі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      3. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі О. Уразалин
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Экология, геология
және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары
комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік
инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық
комитетінің Ақтөбе облысының санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау департаменті"
республикалық мемлекеттік мекемесі

  Ақтөбе облысы әкімдігінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 271 қаулысына 1-қосымша

Ақтөбе облысы Шалқар және Мұғалжар аудандарының аумағында қолданыстағы "Бұхара-Орал" магистральдық газ құбырына бөлінген жер учаскелерінің аумақтарын кесіп өтетін өзендердің бір бөлігі үшін су қорғау аймақтары мен белдеулері

№

Магистральдық газ құбыры трассасын кесіп өтетін өзен

Су қорғау аймақтары

Су қорғау белдеулері

Ені, метр

Жағалау сызығының ұзындығы, метр

Су объектісінің ауданы, гектар

Ені, метр

Жағалау сызығының ұзындығы, метр

Су объектісінің ауданы, гектар

сол

оң

сол

оң

1

Есекжал

500

1290

1370

133,0

50

1340

1350

13,4

2

Балаталдық (1 ағыс)
Балаталдық (2 ағыс)

500
500

1370
1680

1450
1750

141,0
171,5

50

1350
1740

1400
1750

13,8
17,4

3

Қандықара (Сартайбұлақ бұлағының сағасы)

500

1230

1220

122,5

50

1230

1220

12,2

4

Борлы (Қандықара және Ұлытау өзендеріне құяды)

500

1800
1540

1500
675

165,0
110,8

50

1500
1415

1360
1090

14,3
12,5

5

Төлепсай

500

1500

1500

150,0

50

1500

1500

15,0

6

Жіңішке

500

1130

2760

194,5

50

1250

1480

13,7

7

Қайыңды

500

1100

1020

106,0

50

1060

1020

10,4

8

Қарасай

500

920

840

88,0

50

870

880

8,8

9

Көксу (Ортақарасай)

500

1180

1100

114,0

50

1160

1170

11,6

10

Сырлыбай (Шет Ырғыз бастауы)

500

700

620

66,0

50

650

670

6,6

11

Шуылдық (Шет Ырғыз бастауы)

500

645

650

64,8

50

635

660

6,5

      Ескертпе:

      Су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2021 жылғы 17 тамыздағы
№ 271 қаулысына 2-қосымша

Су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі мен ерекше жағдайлары

      Ескерту. 2 қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы әкімдігінің 08.10.2026 № 204 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      1. Су қорғау белдеулері шегінде шаруашылық қызметтің кез келген түріне, сондай-ақ шаруашылық және өзге де қызметті жүргізу үшін жер учаскелерін беруге тыйым салынады, бұл тыйымға мынадай жағдайлар:

      1) мыналарды:

      су шаруашылығы құрылысжайлары мен олардың коммуникацияларын;

      көпірлерді, көпір құрылысжайларын;

      айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, балық аулау мен аквашаруашылық қызметіне байланысты өзге де инфрақұрылым объектілерін;

      балық өсіретін тоғандарды, балық өсіретін бассейндер мен балық өсіретін объектілерді, сондай-ақ оларға коммуникацияларды;

      ғимараттар мен құрылысжайлардың күрделі құрылысынсыз балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын, жағажайларды, аквапарктерді және басқа да рекреациялық аймақтарды;

      су объектілері жай-күйінің көрсеткіштерін байқау пункттерін салу және пайдалану;

      2) жағалауды нығайту, ағаш өсіру және көгалдандыру;

      3) 1-тармақтың 1) тармақшасында рұқсат етілген қызмет кірмейді.

      2. Су қорғау аймақтары шегінде:

      1) жерүсті су объектілерінің, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылысжайлармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

      2) автожанармай құю станцияларын, мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын техникалық қарап-тексеру, оларға қызмет көрсету, жөндеу және жуу пункттерін орналастыруға және салуға;

      3) тыңайтқыштарды, пестицидтерді, улы химикаттарды, көңді сақтауға және оларды қолдануға арналған қоймалар мен алаңдарды орналастыруға және салуға тыйым салынады. Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған кезде уыттылығы аз және орташа, жойылуы оңай пестицидтерді қолдануға жол беріледі;

      4) тұрмыстық қатты және өнеркәсіптік қалдықтардың үйінділерін орналастыруға және жайғастыруға;

      5) зираттарды орналастыруға;

      6) жүктеме нормасынан асатын ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға, мал шаруашылықтарын, мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), пестицидтердің арнаулы қоймаларын (көмінділерін) және олардың ыдыстарын орналастыруға;

      7) сарқынды суларды жинақтағыштарды, сарқынды сулармен суару алқаптарын, сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының радиациялық, химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық және паразитологиялық ластану қаупін туғызатын басқа да объектілерді орналастыруға тыйым салынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады