"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының "Шортанды ауданының аумағында жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 28 сәуірдегі № С-27/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6614 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Шортанды аудандық мәслихатының сессия төрайымы |
Г.Даитова |
|
Шортанды аудандық мәслихатының хатшысы |
Г.Садвокасова |
"КЕЛІСІЛДІ"
| Шортанды ауданының әкімдігі |
