БҰЙЫРАМЫН:
1. "Нысанды киімнің үлгілерін, нысанды киім киюге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары жұмыскерлерінің тізбесін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін, сондай-ақ оны тағып жүру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 168 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16435 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нысанды киім киюге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің тізбесінде:
11-тармақ алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің нысанды киімді киіп жүру қағидаларында:
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Нысанды киімнің барлық заттары тазартылған және үтіктелген. Пиджак қалталарының қақпалары сыртқа шығарылған.
8. Теріден жасалған құлақшын бөрік, фуражка, берет төменгі жиегі қастың үстінен бір-екі елі биіктікте болатындай етіп, ал фуражканың күн қағары – қастың деңгейінде киіледі. Кокарданың ортасы қастың ортасына орналасады. Барлық бас киімдер қисайтылмай тік киіледі.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
