Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 06.02.2023 № 135 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кедендік операцияларды бірінші кезекте жасау тәртібі қолданылатын тез бұзылуға ұшырайтын тауарлар санаттарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 271 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 16561 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 19 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген кедендік операцияларды бірінші кезекте жасау тәртібі қолданылатын тез бұзылуға ұшырайтын тауарлар санаттарының тізбесіндегі:
реттік нөмірі 3-ші жол, мынадай редакцияда жазылсын:
"
3. | тірі балық, оның ішінде балық отырғызу материалы | 0301 | жыл бойы |
".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
