2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 69-бабының 2- тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарын тұрмыстық техникамен, құрал-жабдықтармен және мүккәммал мүліктермен жабдықтаудың нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 23 маусымдағы № 52 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11813 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 сәуірінде № 65 (28191) "Казахстанская правда" газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 14 тамызында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарын тұрмыстық техникамен, құрал-жабдықтармен және мүкәммал мүліктермен жабдықтаудың нормаларында:
"Ғимараттар және құрылыстар" деген 19-бөлімде:
реттік нөмірі 313-жол мынадай редакцияда жазылсын:
| " |
313 | Жылыту су ысыту қазандығы (қатты-отынды, сұйық-отынды, газды-мазутты және электрлі) | Орталық жылыту жүйесіне қосылмаған шекара бөлімшесі әскери қалашығының (топтың, шекаралық бақылау бөлімшесінің) ғимараттары мен құрылыстарының әрбір кешеніне | дана | 2 | 10 |
Орталық жылыту жүйесіне қосылмаған шекара бөлімі әскери қалашығының (шекаралық бақылау бөлімі) ғимараттары мен құрылыстарының әрбір кешеніне | дана | 3 | 10 | ||
Орталық жылыту жүйесіне қосылмаған аумақтық бөлімшелері (оның ішінде құрылыстық бөлімшелер:дивизиондары, шекара басқармалары, кәсіби дайындық бөлімдері (бөлімшелер)) ведомстволық бағынышты ұйымдары әскери қалашығының ғимараттары мен құрылыстарының әрбір кешеніне | дана | 6 | 10 |
| "; |
реттік нөмірі 329-жол мынадай редакцияда жазылсын:
| " |
329 | Бетонды араластырғыш | Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесіне (оның ішінде құрылымдық бөлімшелер:дивизиондары, шекара басқармалары, кәсіби дайындық бөлімдері (бөлімшелері)) ведомстволық бағынышты ұйымына | дана | 1 | 10 |
| "; |
реттік нөмірі 330-жол мынадай редакцияда жазылсын:
| " |
330 | Поливинилхлорид құбырының әртүрлі саптамасына арналған электрлі дәнекерлеуіш | Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесіне (соның ішінде құрылымдық бөлімшелер:дивизиондары, шекара басқармалары, кәсіби дайындық бөлімдері (бөлімшелері)), ведомстволық бағынышты ұйымына | дана | 1 | 7 |
| ". |
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің Шекара қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағаның бірінші орынбасары |
С. Әбіш |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
__________________________
2021 жылғы "____" ________
