"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 76 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күшіжойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 558 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9052 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. "Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 558 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 327 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9720 болып тіркелген, 2014 жылғы 16 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. "Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 587 бұйрығының 2 тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10156 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
