Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, Махамбет ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Махамбет ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бәйтерек ауданы Махамбет ауылдық округі Махамбет ауылының кейбір атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:
"1У" көшесі – "Тәуелсіздік" көшесі;
"2У" көшесі – "Болашақ" көшесі;
"3У" көшесі – "Бәйтерек" көшесі;
"4У" көшесі – "Абылай хан" көшесі.
2. Махамбет ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (А.Какимгалиева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Әкім | Б. Амангалиев |
