Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалғұты ауылдық округі әкімінің 27.04.2021 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабы 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, және Күршім ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2020 жылғы 3 қарашадағы № 1333 ұсынысы негізінде, Қалғұты ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округіне қарасты "Еңбек" шаруашылық қонысындағы "Нұрлан" шаруа қожалығында ірі қара мал арасында сарып ауруы шығыуына байланысты шектеу іс-шаралары еңгізілсін.
2. "Қалғұты ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімнің мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Күршім ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Күршім ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жүргізу өз қарамағыма қалтырылсын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
|
ШҚО Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округінің әкімі |
Е. Мухтарханов |
