"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына, 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Алтай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Алтай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 16 мамырдағы № 211 қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5964 тіркелген, электрондық нұсқада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 31 мамырда жарияланған).
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Алтай ауданының әкімі | Н. Токсеитов |
