ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14- бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2-тармағына сәйкес, Әуезов кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып, 2020 жылғы 17 маусымдағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Жарма ауданы Әуезов кенті әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Первомайская" көшесі – "Варепа Иван Иосифович" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Әуезов кенті әкімінің міндетін атқарушы | Т. Рысқалиева |
