ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 бабының 1, 2 тармақтарына сәйкес, Жарма ауданы Ақжал ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жарма ауданы Ақжал ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 3 "Жарма ауданы Ақжал ауылдық округі Жаңаөзен ауылының көшелерін қайта атау туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерінде мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №7557 болып тіркелген, "Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылдың 15 қыркүйегінде жарияланған") төмендегідей өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің атауы жаңа редакцияда жазылсын: "Жарма ауданы Ақжал ауылдық округі Жаңаөзен ауылының көшелерін қайта атау туралы".
2. "Жарма ауданы Ақжал ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Жарма ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғанынан кейін осы шешім Жарма ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ақжал ауылдық округінің әкімі | К. Жумаканов |
