Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Новодворовка ауылдық округі әкімінің 25.12.2020 № 8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес және Бородулиха ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 272 ұсынысы негізінде, Новодворовка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бородулиха ауданы Новодворовка ауылдық округі подхоз Березовка, санаторий Березовка және "Жумагулов" шаруа қожалығы елді мекендеріндегі ірі қара мал арасында созылмалы инфекциялық бруцеллез ауруына қарсы ветеринарлық-санитарлық іс – шараларды жүргізу және ошақты жою үшін шектеу іс – шаралары енгізілсін.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Новодворовка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Бородулиха ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Новодворовка ауылдық округінің әкімі |
М. Досмагамбетова |
