Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Долон ауылдық округі әкімінің 07.04.2021 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бесқарағай аудандық аумақтық инспекция басшысының 2020 жылғы 8 шілдедегі № 254 ұсынысы негізінде, Долон ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШТІ:
1. Ірі қара малдан сарып бруцеллез ауруының шығуына байланысты Бесқарағай ауданы Долон ауылдық округінің Бөдене ауылының "Рахим" шаруа қожалығының аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Долон ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді әділет органында мемлекеттік тіркеу;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Бесқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберу;
3) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Бесқарағай ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастыру қамтамасыз етілсін.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Долон ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы | С. Ибраева |
