ЗҚАИ - ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | А. Анчугин |
| Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы | В. Головатюк |
| Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 9 қазаны № 42/486-VI шешіміне қосымша |
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 3/33-ІІІ "Облыстық маңызы бар қалаларда аймақтардың шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1576 болып тіркелген, 2004 жылғы 31 қаңтардағы "Дидар", 2004 жылғы 3 ақпандағы "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) шешімі.
2. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 1 шілдедегі № 7/101-IV "Облыстық маңызы бар қалаларда жер телімдері үшін төлемнің базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін және аймақтардың шекарасын бекіту туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 3/33-ІІІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2488 болып тіркелген, 2008 жылғы 5 тамыздағы "Дидар", 2008 жылғы 7 тамыздағы "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) шешімі.
3. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 7 қазандағы № 32/390-V "Облыстық маңызы бар қалаларда аймақтардың шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 3/33-III шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4231 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 30 қарашадағы "Рудный Алтай", 2015 жылғы 1 желтоқсандағы "Дидар" газеттерінде жарияланған) шешімі.
