Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармағына сәйкес, Шал ақын ауданы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 26 желтоқсанындағы № 18-29/470 ұсынысы негізінде, Жаңажол ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Жаңажол ауылдық округінің Жаңажол ауылында орналасқан Есіл, Мектеп, Байтерек және Аққайын көшелерінен, ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының аяқталуына байланысты, шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Жаңажол ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2019 жылғы 02 қазандағы №4 шешімінің (2019 жылғы 11 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №5603 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ауылдық округ әкімі | М. Сулейменов |
