Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 - бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 22 қазандағы қорытындысы негізінде және Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Белое ауылы халқының пікірін ескере отырып, Рощин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қосымша берілген схемалық картаға сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Рощин ауылдық округінің Белое ауылындағы атауы жоқ көшеге келесі атауы берілсін:
атауы жоқ көше – Аққайың көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Рощинск ауылдық округінің әкімі |
А.Ильясов |
| Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Рощинск ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 26 ақпаны № 26 Шешімге қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Рощин ауылдық округінің Белое ауылындағы атауы жоқ көшеге атау беру туралы схемалық карта

Рощин ауылдық округінің әкімі А.Ілиясов
