Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 28 тамыздағы қорытындысы негізінде және Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Водопроводное ауылы халқының пікірін ескере отырып, Рассвет ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса берілген схемалық картаға сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Рассвет ауылдық округінің Водопроводное ауылындағы атауы жоқ көшелерге келесі атаулар берілсін:
№ 1 көшеге - Еңбек көшесі;
№ 2 көшеге - Нұрлы жол көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Рассвет ауылдық округінің әкімі |
А. Шайменов |
| Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Рассвет ауылдық округінің әкімі 2020 жылғы 3 ақпаны № 4 шешіміне қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Рассвет ауылдық округінің Водопроводное ауылындағы атауы жоқ көшелерге атаулар беру туралы схемалық карта

