Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14- бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 28 тамыздағы қорытындысы негізінде және Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Николаевка ауылы халқының пікірін ескере отырып, Налобино ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса берілген схемалық картаға сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Налобино ауылдық округінің Николаевка ауылындағы атауы жоқ көшелерге келесі атаулар берілсін:
№ 1 көшеге – Жеңіс көшесі;
№ 2 көшеге - Аққайың көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Налобино ауылдық округінің әкімі |
Л.Малкова |
| Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Налобино ауылдық округінің әкімі 2020 жылғы 17 қаңтары № 3 шешіміне қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Налобино ауылдық округінің Николаевка ауылындағы атауы жоқ көшелерге атаулар беру туралы схемалық карта

Налобино ауылдық округінің әкімі Л. Малкова
