Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 22 қазандағы қорытындысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылы халқының пікірін ескере отырып, Бескөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса берілген схемалық картаға сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылдық округінің Бескөл ауылындағы атауы жоқ көшеге келесі атау берілсін:
атауы жоқ көше –Есмақан Махметов көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысы | |
| Қызылжар ауданы Бескөл ауылдық | |
| округінің әкімі | Е.Багенов |
| Солтүстік Қазақстан облысы | |
| Қызылжар ауданы Бескөл | |
| ауылдық округі әкімінің | |
| 2020 жылғы 4 тамызы № 220 | |
| шешіміне қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылдық округінің Бескөл ауылындағы атауы жоқ көшеге атау беру туралы схемалық карта


