Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 2017 жылғы 19 маусымдағы № 02 "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру қағидасын және оның сипаттамасын бекіту туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1393 болып тіркелген, 2017 жылы 20 шілдеде "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен ресми мерзімді басылымдарда және Әуезов ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Әуезов ауданы әкімі аппаратының басшысы Ш.Тұрсынбаевқа жүктелсін.
4. Осы шешім жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі | С. Сайфеденов |
