Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14- бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Занының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Заря ауылдық округінің Заря ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 13 желтоқсандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Заря ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар ауданы Заря ауылдық округінің Заря ауылының келесі көшелері:
"Ленин" көшесі "Егемендік" көшесі болып;
"Дерибас" көшесі "Сәкен Рымжанов" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Заря ауылдық округінің әкімі | Р. Капанов |
