Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 27.08.2021 № 346 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 338 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5382 нөмірімен тіркелген, "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2016 жылғы 15 наурызда және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 19 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасындағы жекешелендірілетін акционерлік қоғамының акциялары және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер қатысуындағы мемлекеттің үлесі, сондай-ақ, мүліктік кешен ретінде заңды тұлғалар тізбесінде:
реттік нөмірлері үшінші және төртінші жолдар жаңа редакцияда жазылсын:
3. | "Қайсар" Қызылорда облыстық футбол клубы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 51 % қатысу үлесі | қараша 2020 жыл | 5 жыл мерзімімен кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлікпен басқару |
4. | "Сыр медиа" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 51 % қатысу үлесі | қараша 2020 жыл | 7 жыл мерзімімен кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлікпен басқару |
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасарлары Н.Ш. Тілешевке, С.Ә. Ахметке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қызылорда облысының әкімі | Г. Абдыкаликова |
