Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2020 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы 9 сәуірдегі № 21/02 "Cубсидияланатын тұқымдардың нормалары мен шекті бағаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5287 болып тіркелген, 2019 жылғы 22 сәуірде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде, 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 43 (22447) "Индустриальная Караганда", 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 43 (22639) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қарағанды облысының әкімі | Ж. Қасымбек |
| Қарағанды облысы әкімдігінің 2020 жылғы 4 мамыры № 28/01 қаулысына қосымша |
2020 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған субсидиялар көлемдері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 09.12.2020 № 80/01 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Р/с № | Субсидиялар көлемдері, мың теңге | |||||
бірегей тұқымдар | элиталық тұқымдар | бірінші репродукция тұқымдары | екінші репродукция тұқымдары | бірінші ұрпақ будандары | бірінші ұрпақ будандарының 1 егіс бірлігіне | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 679,0 | 294 649 | 326 864 | 2 500 | ||
Барлығы | 624 692 | |||||
