Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 16.04.2021 № 27/01 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" , 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 болып тіркелген) Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін бірлігіне арналған субсидиялар нормативі бекітілсін.
2. Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы 23 мамырдағы № 31/01 "Сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5365 болып тіркелген, 2019 жылғы 3 маусымдағы электрондық түрде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде, 2019 жылғы 6 маусымдағы № 60 (22464) "Индустриальная Караганда", 2019 жылғы 6 маусымдағы № 60 (22656) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қарағанды облысының әкімі | Ж. Қасымбек |
| Қарағанды облысы әкімдігінің 2020 жылғы 26 наурызы № 18/03 қаулысына қосымша |
Сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін бірлігіне арналған субсидиялар нормативі
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің атауы | Тереңдете өңделген өнімдердің атауы | Соңғы өнімді бастапқыға айналдыру субсидия нормативі теңге/литр, теңге/килограмм |
1 | 2 | 3 |
Сүт | Сары май | 65,5 |
