"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8 бабына сәйкес, Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Тараз қаласында жиналыстар, митингілер, демонстрациялар, шерулер мен пикеттерді өткізуге арналған арнайы орындарды белгілеу және оларды пайдалану тәртібі туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 59-6 шешіміне (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 4652 тiркелген, электрондық түрде 2020 жылдың 30 маусымында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
аталған шешімнің № 1 қосымшасымен бекітілген Тараз қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың 1 тармағы 3) тармақшамен толықтырылсын.
"3) Қайрат Рысқұлбеков саябағының балалар алаңшасы.";
№ 2 қосымшасымен бекітілген бейбіт жиналыстарды, шерулерді және демонстрацияларды өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету 5 тармақпен толықтырылсын.
2. "Тараз қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жамбыл облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Тараз қалалық мәслихаты интернет-ресурста орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Тараз қалалық мәслихаты сессиясының төрағасы |
А. Джузанов |
| Тараз қалалық мәслихатының хатшысы | Б. Кулекеев |
