"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 ақпандағы № 45-3 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2986 болып тіркелген, 2016 жылдың 11 сәуірінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика, бюджет, салық және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы | Б. Карашолаков |
