БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 64 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20674 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 21 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
бұйрықтың 1-тармағының 4) тармақшасы алынып тасталсын;
көрсетілген бұйрықтың "Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары" (бұдан әрі – Қағидалар) 1-қосымшасында:
4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру туралы өтінішті осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы не "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес "Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартында (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) көрсетілген құжаттарды қоса ұсына отырып береді.";
5-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
"Анықтамада сауалнамалық деректер (тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні (күні, айы, жылы) және жері) "Жеке тұлғалар" Мемлекеттік деректер базасының мәліметтеріне сәйкес көрсетіледі.";
6-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"ААЖ-да көрсетілетін қызметті алушының сауалнамалық деректерінің ААЖ-ның тексеру сәйкестендіргіші бойынша сәйкес келуі анықталған кезде, көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде ААЖ-ның деректері, оның ішінде соттылықты өтеу мерзімін есептеуді тексереді (өңдейді), одан кейін қызметті алушыға сұрау салуға жауап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жіберілетіні туралы хабарланатын аралық жауапты бір уақытта жібере отырып, 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі ресімделеді.";
көрсетілген Қағидалардың 2-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықтың "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары" атты 4-қосымшасы алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықтың көшірмесін мәлімет үшін мүделлі мемлекеттік органдарға, Қазақстан Республикасы Бас прокуратураcының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және оларға теңестірілген прокурорларға, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарына жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының м.а |
Б. Асылов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі
| Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының м.а 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 161 бұйрығына қосымша |
|
| "Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 5-қосымша |
|
| Форма |
Соттылықтың болуы не болмауы туралы А Н Ы Қ Т А М А С П Р А В К А о наличии либо отсутствии судимости
__________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/фамилия, имя, отчество (при его наличии)
__________________________________________________________________________
(туған жылы / дата рождения)
__________________________________________________________________________
(туған жері / место рождения)
20__ жылғы "__" ____________ жағдай бойынша соттылығы жоқ / бар. По состоянию на "__" _________ 20_____года судимости не имеет / имеет. Осы анықтама шетелге шығу үшін беріледі. Настоящая справка выдается для выезда за рубеж.
Басқарма бастығы __________________________________________________________
Начальник управления ______________________________________________________
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! |
(форматтың мөлшері А 4)
(размер формата А 4)
